Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы қол қойған 2025 жылғы 10 ақпандағы бұйрығымен Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігіндегі (МЖӘ) жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, жергілікті атқарушы органдардың 2025-2027 жылдарға арналған шекті көлемдер бекітілді, деп жазады Dalanews.kz.
Сонымен, 2025 жылға арналған лимиттер:
- жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы шекті көлемі – 4 337 195 498 мың теңге;
- қабылдап алу шегі– 3 856 206 152 мың теңге.
2026 жылға арналған:
- жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы шекті көлемі - 4 531 508 401 мың теңге;
- қабылдап алу шегі– 4 050 519 055 мың теңге.
2027 жылға арналған:
- жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы шекті көлемі – 4 739 423 209 мың теңге;
- қабылдап алу шегі– 4 258 433 863 мың теңге.
Оның ішінде Алматы үшін:
- жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы шекті көлемі -996 534 969 мың теңге (2025 жыл), 1 066 292 416 мың теңге (2026 жыл), 1 140 932 885 мың теңге (2027 жыл);
- қабылдап алу лимиті - 986 045 742 мың теңге (2025 жыл), 1 055 803 189 мың теңге (2026 жыл), 1 130 443 658 мың теңге (2027 жыл).
Астана үшін:
- жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы шекті көлемі – 514 048 673 мың теңге (2025 жыл), 550 032 080 мың теңге (2026 жыл), 588 534 325 мың теңге (2027 жыл);
- қабылдау лимиттері - 451 353 040 мың теңге (2025 жыл), 487 336 447 мың теңге (2026 жыл), 525 838 692 мың теңге (2027 жыл).
Бұйрықта еліміздің барлық өңірі қамтылғанын баса айта кетелік.
Бұйрық 2025 жылғы 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін сайтымызда "Банктерде бос ақша тым көп". Ұлттық Банк ЕДБ-ларға қатысты ережені қайта қарастыруды ұсынды" деген мақала жарияланған болатын.