Мемлекеттік аудит мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында негізсіз шығарылым фактісін анықтады. Осыған байланысты Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды реттеу бойынша жаңа шаралар қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын реттеуді жетілдірудің жаңа шаралары қабылданды. Олар мемлекет ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және мемлекет борышын бақылауды күшейтуге бағытталған.
"2024 жылғы желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Соның ішінде 2021-2023 жылдардың кейбір айларында эмиссиялық бағалы қағаздар бастапқыда жоспарланған көлемнен артық шығарылғаны анықталды. Алайда республикалық бюджеттің бақылау шотында қаражат болады деп болжанған. Бұл бюджеттің 124 млрд теңгеден астам ықтимал шығындарына әкелді. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Қаржы министрлігіне мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және өтеу ережесіне өзгерістер енгізуді тапсырды", делінген ведомство хабарламасында.
Басты мақсат – алдағы кезеңге арналған бюджет қаражатының қалдықтары бойынша оң болжам болған жағдайда ішкі нарықта мемлекеттік бағалы қағаздардың негізсіз шығарылуын болдырмау.
Нәтижесінде Қаржы министрінің биыл 30 мамырдағы бұйрығымен қажетті өзгерістер енгізілді.