Бүгін ҚР Энергетика министрлігінде энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелеріне отандық мұнай-газ-химиясы саласын дамыту стратегиясының өзекті мәселелері және мұнай өнімдерінің маусымдық тапшылығын болғызбау жөніндегі шаралар, мұнай өнімдерін әділ және ашық бөлудің электрондық тетігін енгізу, сондай-ақ мұнай өнімдерін мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы ақпарат берілді.
Отырысқа «Самрұқ-Казына» АҚ, «Бутадиен» ЖШС, «KMG Petrochem» ЖШС, «Силлено» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.