Таразда мектеп басшылығы 147 мұғалімнің өтемақысын бермей қойған

Көркем Алдабергенова 23 шіл. 2025 19:02

Таразда мектеп басшылығы 147 мұғалімнің өтемақысын бермей қойған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Алайда, прокуратура жүргізген талдауымен Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне мерекелік, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбеуі мен ұжымдық шарт бұзылуымен байланысты Еңбек кодексі талаптарының бұзылғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мұғалімдерге жоғарыда аталған ақылары төленіп, бұл олардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар