Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасын қабылдады

Кәмшат Тілеухан 08 там. 2025 15:42

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады. Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын, деп хабарлайды Dalanews.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде:

  • қауымдастықтың мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды;
  • ең алдымен шешілуге тиіс міндеттер ретінде экономиканы ырықтандыруға, мемлекеттің бизнеске араласуын азайтуға, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді;
  • салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.

Болат Ақшолақов Президентке отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі ұсынысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаларды қолдап, инвестициялық климатты жақсарту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету тұрғысынан оларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

Бұған дейін сайтымызда "Қазақстанның бизнес элитасы жаңа одақ төңiрегiне топтасуда" деген материал жарияланған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар