Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіні кім қаржыландырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Fedpress.ru мәліметінше, Crocus City Hall-дағы лаңкестерді криптовалютаны қолдана отырып, көптеген қаржы ұйымдары арқылы қаржыландырған. Бұл туралы Нижний Новгородтағы халықаралық комплаенс кеңесінде Росфинмониторинг басшысы Юрий Чиханчин мәлімдеді.
"Тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ, бірақ алдын-ала нәтижелер террористік актіні ұйымдастыруға бірқатар елдердің азаматтары қатысқанын көрсетеді", - деді Чиханчин.
Оның айтуынша, Crocus City Hall-да лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға бірқатар елдердің азаматтары қатысқан.
Еске салайық, 22 наурызда белгісіз біреулер Мәскеудегі Крокус Сити Холл концерт залында адамдарға оқ жаудырды. Кейін концерт залында өрт шықты. Себебі оқ атқандар граната жарғаны белгілі болды. Қазір негізгі тоғыз күдікті ұсталды.
Атыс "Пикник" рок-тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталған болатын.
"Залда жүрген адамдар атыстан қорғану үшін бірден жерге жатып қорғанды. Кемінде 15-20 минут жерде жатып, ақырындап сыртқа шыға бастады. Көбі қашып үлгерді", - деп жазды сол кезде ресейлік арналар.
Бұған дейін Мәскеу қаласының аудандық сотына Крокус-Экспо сауда ойын-сауық орталығында ауқымды террористік акт жасады деген күдіктілер әкелінген болатын. Кейінірек Басман аудандық соты террористер тобына қатысты алдын ала тергеу органдарының бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарауға кірісті.
Айта кетейік,бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу облысындағы Крокус Сити Холлда болған терактіде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқан болатын.