Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған 25 жастағы жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жол-көлік оқиғасы "Алматы – Өскемен" тасжолында болған. Куәгерлердің сөзінше, соқтығыстан кейін жүргізушілердің бірі тоқтамай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Кейін ол Қонаев қаласына қарай бағыт алған жерінен тоқтатылды.
Полиция көлік тізгінінде Ескелді ауданының 25 жастағы тұрғыны болғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам жолға шығар алдында алкогольдік ішімдік ішкен. Ол көлік жүргізу кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, өзге автокөлікпен соқтығысқан.
Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін де жол ережесін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, ол көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған.
Қазір ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.