Маралды ауылында заңсыз митинг өтті

Сымбат Сатыбалдина 07 ақп. 2024 12:18 2467

Шығыс Қазақстан облысы, Маралды ауылында заңсыз митингілер өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде құқықбұзушылық болмаған. Ал әлеуметтік желілерде таратылатын жалған ақпарат шындыққа жанаспайтын көрінеді.

Қазірдің өзінде белгілі бір адамдар тобы тәртіпсіздік ұйымдастыруға және ғимаратқа қарапайым адамдарды кіргізбеуге тырысқаны анықталған. Яғни бір топ адам тәртіпсіздік ұйымдастырып, қоғамдық тыңдаулар күні арнайы митинг ұйымдастырған. Олар шараға қызығушылық танытып келген халықты залға кіргізбей, кедергі жасады. 

Тәртіп бұзғандар ауыл тұрғындарының тіркеу үстеліне өтуіне жол бермей, операторларды итеріп, бейнежазбаны бұзуға тырысты, тыңдаулардың ресми хаттамасына барлық жағынан кедергі келтірген. 

Тыңдауға қарапайым тұрғындар келген, өйткені олар Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосуға тікелей қатысты. Басым бөлігі аталмыш зауытта еңбек ететін болады.

Тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келмегені туралы мәлімдемелер де жалған екен. Барлығы заңнамаға сәйкес іске асырылды.

Ал  митинг тиісті рұқсатсыз өтті, бұл ҚР заңнамасын тікелей бұзу болып табылады. Ал қоғамдық тыңдаулар заңды түрде өткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар