Мақтаралда халықты жұмыспен қамту бағытында нәтижелі шаралар атқарылуда

Dalanews 05 жел. 2018 08:00 877

Бұл туралы Мақтарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Оразхан Дәндібаев мәлім етті.

Биыл Мақтарал ауданында «Жастар практикасы» бойынша 178 жұмыс беруші мекемемен келісім шарт жасалып, 506 адам жұмысқа жолданған.

Биыл Мақтарал ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 10142 адамды кешенді жоспарға сәйкес қамту жоспарланған.

Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 4647 адамды құрап отыр. Оның ішінде 2717-сі жұмыссыздар болып есептелсе, 1765-сі табысы аз азаматтарға жатады. Сондай-ақ, өздігінше жұмыс іздеп келгендер саны 1909 адамды құрайды.


«Аталған бағдарлама шеңберінде жұмыс іздеп келгендердің 1570-і нәзік жандылар болса, оның ішіндегі 1448-і ауыл әйелдері, ал 50 жастан асқандары 177- іні құрайды. Жасы 29-ға дейінгі бағдарламаға қатысқан жастар саны 1690 адам, оның 1559-ы ауыл жастары. Бұдан бөлек, ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды 76 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 24-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 8-і жастар практикасына, 9-ы қоғамдық жұмыстарға, 35-і деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданды», — дейді Мақтарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры О.Дәндібаев.

Биыл ауданда кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту бойынша 1410 адамды қамту жоспарлануда. Оның ішіндегі техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауға 275 адам, қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 1135 адам жоспарланған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 146,672 млн.теңге қаралған.

Бұдан бөлек, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 355 адам, шағын несиелеуге 42 адам жоспарлануда. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орны бойынша жоспар 1250 адам, нақтысы 1452 адам, орындалуы 116% құрайды. Республикалық бюджеттен қаралған қаржы 330,0 млн.теңгені құрайды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар