Мақтааралдың аймағында іске қосылатын үш жоба аясында 100-ден астам жұмыс орыны ашылады

Dalanews 19 қар. 2018 04:45 738

Мақтаарал ауданы аумақтық жағынан әлденеше рет түрлі өзгеріске түскен аудан. Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мақтаарал ауданы түпкілікті бағытын айқындап, даму жолына түсті десек болады.

Қазіргі таңда ауданда кәсіпкерлік сала қанатын кеңге жайып келеді. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеретін фактор – ол кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласы екені сөзсіз. Осы ретте күні кешегі  әкімшілік бөлініс кезінде маңызды индустриалды аймақ Мақтаарал ауданының еншісіне тиіп, үлкен мүмкіндікке ие болды.

Биыл Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында 1 жоба, келесі жылы 2 жоба, арғы жылы тағы 1 жоба іске асырылып, 100-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты, полиэтилен өнімдерінің және медициналық мақта өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ темірді қайта өңдеу өндірісі іске қосылмақ.

«Soldatos» ЖШС-нің асфальт-бетон зауытын салуға 300 миллион теңге жұмсалмақшы. Жоба бойынша 50 адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндіретін мүмкіндікке ие болады. Сол сияқты «Раджапов» жеке кәсіпкерлігінің «Полиэтилен өнімдерінің өндірісі» жобасының құрылысын бастау үшін құжаттар ресімделуде. Жобаның құрылысына 200 миллион теңге жұмсалып, жаңадан 36 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар