Маңғыстауда 9 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болған

Көркем Алдабергенова 11 қар. 2025 10:27

Маңғыстауда 9 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алды алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатын үнемдеу және мемлекеттік сатып алудың заңдылығын сақтау саласында белсенді жұмысты жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 9 млрд теңгеге бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алды алынып, қабылданған шаралар нәтижесінде 121 жауапты тұлға тәртіптік, 34 әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Заң бұзушылықтарының басым бөлігі тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажетттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлуі.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтары облыстың барлық қала мен аудандарда болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар