Маңғыстау облысында кен орнындағы ұңғымада апатты жағдай орын алды

Кәмшат Тілеухан 06 мау. 2025 18:24

Маңғыстау облысында бүгін, 2025 жылы 6 маусымда кен орнында апатты жағдай орын алды. Оқиға орнына барлық төтенше қызметтер шұғыл атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бейнеу ауданында 2025 жылы 6 маусымда "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымада авариялық жағдай орын алды.

"Varro Operating Group" ЖШС-нің "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымадан газ-су қоспасының өртсіз шығуы тіркелді. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұңғыманың трубалық кеңістігінен газ-су қоспасының шығуы жалғасуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Авариялық жағдайды жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен – 10 бірлік техника, 32 қызметкер және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Сонымен қатар:

  • "Ақберен" ЖШС,
  • "Оңтүстік мұнай сервис" ЖШС,
  • "Nobilis Corp" ЖШС,
  • "Varro Operating Group" ЖШС-нің күштері мен құралдары тартылды.
"Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда. Төтенше жағдайлар департаменті барлық қажетті шараларды қабылдауда және ахуалдың даму барысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады", деп нақтылайды облыстық ТЖД.
 
Бұған дейін қоршаған ортаны ластаған Өскемен титан-магний комбинатына 24 миллион теңге айыппұл салынғанын жазғанбыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар