Мәмин Маңғыстау облысындағы шаруаларға көмек көрсетуді бұйырды

Dalanews 21 шіл. 2021 08:10 961

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, онда облыс әкімі С. Трұмовтың өңірдегі мал шаруашылығы саласында қалыптасқан ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады.

Бұл туралы Dalanews.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-Министрге аса зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылған.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды.

Сондай-ақ өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Фермерлік шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешу және мониторинг жасау жөніндегі республикалық штабтың қарау қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар