Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында қаржылық заңбұзушылықтарға қатысты 72 материалды құқық қорғау органдарына жолдаған. Қаржылық заңбұзушылықтардың жалпы сомасы - 4,5 млрд теңге, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қор мәліметінше, анықталған шығын көлемі - 3,7 млрд теңге, 27 қылмыстық іс тіркелген.
Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 630 млн теңгеге қатысты 73 материал жолданып, сегіз қылмыстық іс қозғалған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың МӘМС жүйесіндегі ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі туралы мәлімдемесінен кейін бақылау қолға алынған еді.
Айта кетеік, қазір қор Қаржы министрлігінің қарауына өткен. Сонымен қатар, қаражат айналымын бақылап, негізсіз төлемдердің алдын алуға мүмкіндік беретін Qalqan цифрлық жүйесі енгізіліп жатыр.