МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгеден астам негізсіз төлемнің алды алынған

МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгеден астам негізсіз төлемнің алды алынған
pixabay.com

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірінші жартыжылдықта медициналық ұйымдарға төлем жасалғанға дейін 4 млрд теңгеден астам негізсіз шығын анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Үкіметтің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында ОСМС жүйесіндегі антифрод-механизмдер 4 млрд теңгеден астам сомадағы ақауларды төлем жүргізілгенге дейін анықтаған.

Бұған дейін медициналық қызметтерге қатысты тексерулер қаражат медициналық ұйымдарға аударылғаннан кейін жүргізілсе, енді бақылау төлемге дейін жүзеге асырылады. Яғни күмәнді немесе негізсіз деп танылған төлемдер қаражат аударылмай тұрып бұғатталады.

ОСМС жүйесін реформалау аясында медициналық көмекті қаржыландыруды бақылау превентивті форматқа көшіріліп жатыр. 2026 жылғы қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарауына берілді.

Ақпан айынан бастап жүйені басқару мен қаржыландыруды цифрландыруға бағытталған реформа жүргізілуде. Медициналық көмекті жоспарлау мен сатып алудан бастап оны бақылау және төлем жасауға дейінгі бүкіл қаржыландыру циклі Qalqan цифрлық платформасына көшіріліп жатыр.

Қазіргі уақытта жүйе 207 медициналық ұйымның базасында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Платформа арқылы медициналық көмектің 92 түрінің 20 бағыты бойынша төлем жүргізілуде, ал тағы 60 бағыт бойынша тестілеу жүріп жатыр.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, жыл соңына дейін медициналық көмектің барлық мәлімделген түрін платформаны өнеркәсіптік пайдалануға толық көшіру көзделген.

Осылайша, жаңа жүйе медициналық ұйымдарға қаражат аударылғаннан кейін заңсыз немесе негізсіз төлемдерді іздеуден гөрі, олардың алдын ала жолын кесуге бағытталмақ.