БҚО-да алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу барысында күдікті белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталды. Ол осы адамдарға банктен есепшоттар мен карталар рәсімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын өзіне беруді ұсынған.
Барлығы 40-қа жуық дроппер анықталды. Кейін олардың есепшоттары мен карталары азаматтардан интернет алаяқтық арқылы ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланылған.
Тінту барысында күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM карталар мен банк карталары тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.