Алматы облысының Қарасай ауданындағы ауылдардың бірінде ер адам тоғыз жастағы қыз балаға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті алдымен баланы дүкенге ертіп кіріп, оған тәттілер сатып әперген. Кейін оқушы қыз үйіне қайтып бара жатқанда, оның соңынан еріп, әдепсіз әрекетке барған.
Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Іс материалдары Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылған.
Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы шыққаннан кейін полиция іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдайды.