Мемлекеттік «Хабар» агенттігінің басқарма төрайымы қызметіне Ляззат Танысбай тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ляззат Танысбай әр жылдары «Еуразия» және «Астана» телеарналарын, сондай-ақ «Нұр-Медиа» медиахолдингін басқарған. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік «Қазақстан» телерадио корпорациясына жетекшілік етіп, Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.
«Нұр-Медиа» медиахолдингі кезінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған болатын.
«Хабар» агенттігінің бұған дейінгі басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев бұл қызметті 2023 жылдан бері атқарып келген.