"Киімдерін шешіп, тізерлетіп отырғызып, ұрған" - адвокат Бишімбаев Нүкенованы қалай қинағанын айтты

Көркем Алдабергенова 16 мам. 2024 15:43 4379

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің адвокаты Дамир Ишмаметов сұхбат беріп, Бишімбаев әйелін не үшін өлтіргенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қылмыстың мақсатына қатысты айтар болсақ, бұл жаңалықтарда да айтылды, сот жарыссөзінде де айттық, қылмыс себебі – қызғаныш. Оның жағдайында өзі ойдан құрастырып алған қызғаныш. Ол бір нәрсені 20 минутта 175 рет қайталаған. Әйелі елімізге белгілі кәсіпкермен көңілдес болған деп шығарып алған. Яғни бір минутта бір сөйлемді тоғыз рет айтқан. Салтанатта әр минут сайын жаңа жарақаттар пайда болған. Яғни киімдерін шешіп, тізерлетіп отырғызып, ұрған. Қылмыс жасауының себебі сол – қызғаныш. Кейбір видеоларда марқұмның жеке өмірі көрсетілгендіктен олар көпке жария болмады. Қалғанының бәрі көрсетілді», - дейді адвокат Аман Тасығанға берген сұхбатында.

Дамир Ишмаметов Қуандық Бишімбаевтың басқа адамдарымен, соның ішінде, психологымен сөйлескен хаттарынан оның нарцисс екенін аңғаруға болатынын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қатысты сұраққа жауап берген болатын. 

Жақселекованың сөзінше, мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мәселесі заң бойынша регламенттелген. 

"Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты. Жалпы бұл мәселені сот шешеді. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам өтінішті (ходатайство) түзеу мекемесінде бере алады", - деді Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында.

Министрдің орынбасары Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша соттың үкімі заңды күшіне енбегенін атап өтті.

"(Мерзімінен бұрын түрмеден шығу) мүмкіндігі жазасын өтеп жатқан адам оң сипатқа ие болғанда беріледі. Аса ауыр қылмыс бойынша тоқталайын. Мұнда ең аз мерзім жазаның үштен екісін кешіруге болады. Иә, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі керек. Біріншіден, (мерзімінен бұрын түрмеден шығару) шешімін сот шығарады. Екіншіден, сот үкімінің заңды күшінен енгенін күтуіміз керек", - деді вице-министр.

Еске салайық, 13 мамырда атышулы Бишімбаев ісіне қатысты сот үімі шыққан болатын. Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталса, қылмысты жасырып қалды деген күдікке ілінген інісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар