Күйші Секен Тұрысбеков қызметке тағайындалды

Көркем Алдабергенова 22 қаң. 2026 11:12

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі күйші Секен Кәрімұлы Тұрысбеков Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияны басқаруға кірісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өнер қайраткері 1961 жылы Абай облысының Үржар ауданында дүниеге келген. Ол алдымен Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде білім алып, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын профессор Мақсат Әубәкіровтің класында тәмамдаған.

Секен Тұрысбековтің өнер саласындағы еңбек өтілі 40 жылға жуық. Ол «Жігер» фестивалінің, сондай-ақ Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты. Сонымен қатар Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет және Парасат ордендерімен марапатталған.

Белгілі күйші Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және Қазақстанның Халық әртісі атағының иегері.

Өнер жолын «Сазген» ансамблінен бастаған ол кейін «Ақ жауын» ансамблі мен оркестрін құрып, ұжымның халықаралық деңгейде танылуына үлес қосты.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove