Курчатов – бейбіт атомның орталығы

Dalanews 25 жел. 2015 01:10 1329

Бүгінде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану идеясының аясында атомды бейбіт мақсатта қолдану шаралары жыл өткен сайын жанданып, тамырланып келеді. Әлем халқы Қазақстанда бейбіт атомды дамытудағы бастамашы ел ретінде жақсы таниды. Кезінде ҚР Үкіметі төрағасы қызметін атқарған қазіргі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей ядролық сынақ полигонының орталығы Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар орталығы» технопаркін құру үшін қыруар қаржы бөлгізіп, көптеген жұмыстар атқарғаны есімізде. Бүгінде сол жұмыстар өзінің нәтижесін беріп, Курчатов әлемдегі ядролық технологияларды дамытатын орталыққа айналып отыр.

Елбасының 1992 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы және атом энергиясы бойынша агенттігі туралы» №779 Жарлығына сәйкес Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталығы құрылып, жұмыс істеп келеді. Кезінде Даниал Ахметов Қазақстанда Алматы, Ақтау және Курчатов қалаларында орналасқан ядролық зерттеу орталықтарының әлеуетіне сай құрылым Еуропа елдерінің өзінде кездесе бермейтіндігін айта келіп, жаңа жобаны «Қазақстан ғылымы мен озық технологиясына революциялық өзгеріс әкелетін теңдесі жоқ бастама» деп бағалаған еді. Қазір сол жобалардың өміршеңдігіне куә болып отырмыз.
Ұлттық ядролық орталық «Атом саласы және өнеркәсіптің өзге салаларының ҒЗИ мен РАҚ қайта өңдеу және ұзақ мерзімді сақтау бойынша республикалық орталығын құру» жобасы бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жобаның мақсаты – радиоактивті қалдықтар мен иондалушы сәулелену көздерінің қоршаған ортаға ықпалын төмендету болып табылады. 2016-2019 жылдар аралығында жүзеге асатын жоба негізінде қосымша 100 жұмыс орнын құру көзделген.

Ұлттық ядролық орталық «Атом саласы және өнеркәсіптің өзге салаларының ҒЗИ мен РАҚ қайта өңдеу және ұзақ мерзімді сақтау бойынша республикалық орталығын құру» жобасы бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жобаның мақсаты – радиоактивті қалдықтар мен иондалушы сәулелену көздерінің қоршаған ортаға ықпалын төмендету болып табылады. 2016-2019 жылдар аралығында жүзеге асатын жоба негізінде қосымша 100 жұмыс орнын құру көзделген.

Тағы бір маңызды жоба – қалада дозиметрияның кешенді республикалық орталығын құру бойынша жұмыс басталды. Бұл жоба Қазақстанның 2020 жылға дейінгі кезеңін есепке ала отырып, 2011-2014 жылдарға арналған атом саласының даму бағдарламасына және моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілген. Инвестициялық жоба Қазақстан азаматтарының радиациялық сәулелену дозасын есепке және бақылауға алады. Жоба құны – 3,1 млрд. теңге.

Курчатов01

Бүгінгі таңда Ұлттық ядролық орталық құрамына 4 бөлімше кіреді, олардың үшеуі Курчатов қаласында орналасқан. Атап айтқанда, «Атом энергиясы институты», «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» және «Байкал» кәсіпорны бөлімшелері. Ал «Жарылыс жұмыстарын жүргізудің Қазақ мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» бөлімшесі – Алматы қаласында.

2004 жылдан бері «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» Ұлттық ядролық орталықтың өзге институттарымен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық қауіпсіздікті және бұрынғы Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Бағдарламаның мақсаты  – бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  2008 жылдан бастап аталған аумақта полигонның жер телімдерін шаруашылыққа пайдалануға беру мақсатында кешенді радиоэкологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кешенді экологиялық зерттеуді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекеленетін 2021 жылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда сынақ полигонының жалпы аумағы 6060 шаршы шақырымды құрайтын 30 пайызына зерттеу жүргізілді. Бұл жерлер ауыл шаруашылығына жарамды ма деген сауал бар. Жер телімдеріне зерттелгеннен кейін бірқатар іс-шаралар кешені жүргізілуі тиіс. Яғни, құзыретті органдардың қорытындылары, қоғамдық тыңдаулар, Үкімет қаулысы сынды шаралардан кейін ғана полигон аумағындағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына ауыстыру мәселесі шешілетін болады.
Курчатов қаласы АЭС са­лу мүмкіндігі бар алаңдардың бірі ретінде таңдалып алынғаны белгілі. Алайды бұл қаладағы ескі реакторларды іске қосу атом стансасын салу жоспарымен байланысты емес. Бұл реакторлар мүлдем басқа мақсатта құрастырылған. Яғни, зерттеушілік мақсаттағы реакторлар. Қазіргі таңда Ұлттық ядролық орталығы қолда бар реакторлардың толық пайдаланылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Соңғы уақыттары Курчатов қаласы еліміздегі белсенді дамып келеді. Қалада индустрияландыру картасы шеңберінде «Радиациялық тігілген полиэтилен және термоқондыру манжеттері мен таспалары өндірісін құру» инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаға «Kazfoam» ЖШС кәсіпорны қатысуда. Ал «Рекорд ЛТД» ЖШС «Шина зауытын және резина-техникалық өнімдер комбинатын салу» сынды тартымды жоба ұсынып отыр. Жалпы құны 200 млн. долларды құрайды. Жобаның негізгі мақсаты нарықты жергілікті өнімдермен толтыру және аталған өндірістік кешеннен табыс табу. Курчатов қаласы әкімдігі мен «Рекорд LTD» ЖШС арасында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойған. Аталған серіктестік 56 адамды түрлі мамандықтарға оқыту үшін Бейжің қаласына жіберді. Өндірістік кешен өз қуатына жеткен кезде түрлі мамандықтары мен біліктіліктері бар үш мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылады.

Курчатов қаласы АЭС салу мүмкіндігі бар алаңдардың бірі ретінде таңдалып алынғаны белгілі. Алайды бұл қаладағы ескі реакторларды іске қосу атом стансасын салу жоспарымен байланысты емес. Бұл реакторлар мүлдем басқа мақсатта құрастырылған. Яғни, зерттеушілік мақсаттағы реакторлар. Қазіргі таңда Ұлттық ядролық орталығы қолда бар реакторлардың толық пайдаланылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жаңа АЭС салу үшін реакторлардың екі түрі қарастырылған: ФИЦК 1350 және AP 1000. Дәл осындай реакторлардың Жапонияда бесеуі, Тайвань мен Қытайда екеуі бар және АҚШ-та салынуда. Реакторлардың қауіпсіздік деңгейі III+. Сондықтан, қоршаған орта үшін қауіпсіз. Жалпы алғанда, әлемде 388 энергетикалық ядролық реакторлар жұмыс істейді. АЭС қауіпсіздігінің жоғары деңгейі көптеген факторлар арқылы қамтамасыз етіледі. Негізгілері – реакторлық қондырғының өзін-өзі қорғай алуы, қауіпсіздіктің бірнеше деңгейлерінің болуы және қауіпсіздік арналарының бірнеше мәрте қайталанып отыруы. Сондай-ақ, белсенді (демек, адамның араласуын қажет ететін және энергиямен қамтамасыз ету көзі бар) және пассивті (оператор мен энергия көзінің араласуын талап етпейтін) қауіпсіздік жүйелерінің де қолданылатынын атап өтуіміз қажет. Сонымен қатар, стансаларда уақыт айналымының барлық кезеңдерінде қауіпсіздік жүйесі әрекет етеді. Яғни, алаңды таңдап алудан бастап, атом қуатын пайдалануға дейінгі аралықты қамтиды.

Нұрлан ӘУБӘКІР

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар