“Күн көре алмас едім”. Жұманғарин ең төменгі жалақы мөлшеріне байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 02 мау. 2025 16:54

Ұлттық экономика министрі, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәжілісте өткен брифингте ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты сауалдарға жауап беріп, 85 мың теңге көлеміндегі жалақыға күн көру мүмкін еместігін ашық айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистер азық-түлік бағасының күрт өсуіне алаңдап, “Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі жалақыны қайта қарау қажет емес пе?” деген сауал қойды.

“Бұл екі көрсеткіш үнемі бақылауда. Әсіресе ең төменгі жалақы деңгейі. Үкімет бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бағаның өсіп кеткені рас. Бұл мәселеде сіздермен толық келісемін”, – деді Жұманғарин.

Ал “85 мың теңгеге өзіңіз күн көре аласыз ба?” деген сұраққа вице-премьер:

“Жоқ, мен ол ақшаға күн көре алмас едім. Бірақ бұл ең төменгі жалақы – есептік шек. Яғни, жұмыс беруші одан төмен төлей алмайды дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз – бәріне дәл осы соманы төлеу керек деген сөз емес”, – деп жауап берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар