Көрші елдерде туберкулез тесті 45$, бізде тегін – отандық маман

Dalanews 13 мам. 2022 10:46 820

Елімізде туберкулезді ерте, нақты анықтау үшін барлық жағдай жасалған. Әлемде туберкулездің жаңа түрлерін анықтаудың қандай құралдары болса, соның бәрі елімізде бар, қолжетімді. Ең соңғы озық технология саналатын GeneXpert MTB/RIF аппараты туберкулезді анықтау үшін еліміздегі әрбір аудандық  ауруханаларға береді. 

Бұл туралы бүгін, 13 мамыр күні «Камеда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығында Қазақстандағы туберкулез ауруының қазіргі жағдайы туралы баспасөз жиынында айтылды, деп хабарлайды dalanews.kz тілшісі.

«Басқа елдерде бұл аппарат арқылы тексеруден өтудің өзі өте қымбат, мәселен, Ресейде GeneXpert MTB/RIF арқылы өкпені тексерудің құны – 45 доллар. Ал бізде тұрғындар тегін тексеріле алады. Министрліктің қаулысы бойынша адам осы аурумен ауруы мүмкін деген күдік болса, бірден осы GeneXpert MTB/RIF арқылы тексеріледі. Туберкулез белгісін екі сағаттың ішінде анықтап қана қоймай, инфекцияның қандай түрі екенін, оның дәріге қаншалықты төзімді екенін де дәл анықтайды», - деді Ұлттық фтизиопульмонология орталығынның бақылау және бағалау, эпидемиология және статистика, ақпараттандыру департаментінің басшысы.



Журналситердің сұрағына жауап берген орталық мамандары алдағы бірнеше жылда туберкулез ауруы көбейуі мүмкін.

«2020-2021 жылдары осы коронавирустың салдарынан кейбір медициналық мекеме жабылды. Тек қана коронавирусқа қарсы жұмыс істеді. Сондықтан туберкулезге қарсы скринигтер толық өткізілген жоқ. Шағымдары бар адамдар толықтай барып, қаралмады. Сондықтан біздегі болжам бойынша туберкулезбен ауырғандар 2022-23 жылдары 10% дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Өкпесінде жайылмалы өзгерістері бар, ыдырау қуыстары бар адамдарда туберкулез көп анықталып жатыр. Ауру уақытынан кешірек анықталып жатыр. Кешірек деген сөз, науқас үйінде туған-туысқанымен, қоғамдағы адамдармен қатынаста болады. Ал ауру ауа арқылы таралатындықтан туберкулездің басқа адамдарға да жұғу қаупі жоғары. 2021 жылдың аяғында бізде туберкулезбен ауырған  6824 адам анықталды. Солардың 85%-ы – өкпе туберкулезі, қалғаны өкпеден тыс аурулар. Бұл науқастардың 40% бактерия бөлуші адамдар болды», - деді ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының Департамент жетекшісі Панагүл Жазықбекова.

Биыл Ұлттық фтизиопульмонология орталығынның құрылғанына 90 жыл толып отыр. Ғылыми орталықтың қазіргі таңдағы ең басты жұмысы – облыстарға әдістемелік-ұйымдастыру көмегін көрсету. Орталықтың мамандары туберкулез бойынша барлық нармативтік-құқықтық құжаттарды дайындайды, яғни, туберкулезді қалай анықтау керектігін ғана емес, оны емдеудің жолдарын да тек осы ғылыми зерттеу оралық арқылы ел көлемінде іске асырылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар