Коронавирус пандемиясы: Министр Цой жағымды жаңалықпен бөлісті

Dalanews 14 қыр. 2021 06:56 673

Елімізде соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 пайызға төмендеген. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, соңғы 14 күнде Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35 пайызға төмендеген. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14 пайызға, яғни аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, елімізде репродуктивті сан соңғы 4 апта бойы төмен, бұл індеттің бақылауда екенін білдіреді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң үрдіс байқалып отырғанын атап өтті.

Цой мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан, атап айтқанда: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта.

Цой эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды азайту жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Төсек-орын қоры барлығы 12 211 төсекке қысқарған.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар