Ұлттық қауіпсіздік комитеті аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
ҰҚК мәліметінше, күдікті 2 қазанда Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының қатысуымен және Бас прокуратураның үйлестіруімен шетелден Астанаға экстрадицияланған.
Тергеу дерегіне сәйкес, ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қазақстан азаматы 2021 жылдан бері құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.