3 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауадағы зиянды заттардың мөлшері артуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың түсіндіруінше, желдің баяулауы, тұман және температуралық инверсия кезінде ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады. Соның салдарынан қала ауасының сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Синоптиктер мұндай кезде көлік қозғалысы көп жолдар мен өндіріс орындарының маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім адамдар сақ болғаны жөн. Қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүріп, ашық ауада спортпен шұғылдану мен ауыр дене еңбегін уақытша шектеген дұрыс.