Кореяда заңсыз жүргендерге тағы бір ескерту жасалды

Сағыныш Сардарова 22 қаң. 2026 10:15

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай, қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бағдарлама қылмыс жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.

"Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырды. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, былтыр Қазақстанның Еңбек министрлігі мен Кореяның Әділет министрлігі ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мерзімдерін кеңейту жөнінде келісімге келді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove