Корея президенті қамаудан босатылды

Көркем Алдабергенова 07 нау. 2025 11:28 850

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль қамаудан босатылды. Себебі сот оны қамауға алуды тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырған, деп хабарлайды Dalanews.kz Yonhap агенттігіне сілтеп. 

Импичмент жарияланған президент Юн Сок Ёль жұма күні қамаудан босатылды. Сот оның қысқа мерзімді әскери төтенше жағдай енгізуіне байланысты қамауға алуын жою туралы өтінішін қанағаттандырды.

Өткен айда Юн Сеулдің Орталық аудандық сотына өтініш беріп, 3 желтоқсанда әскери жағдай енгізгені үшін тағылған айыптың заңсыз екенін мәлімдеген.

15 қаңтарда Оңтүстік Корея билігінен шеттетілген президент Юн Сок Ёль тұтқынға алынған болатын.

Yonhap мәліметінше, жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы жемқорлықты тергеу басқармасы (CIO) Юнды тергеуге алып кеткен.

Тұтқындалмас бұрын Юн қысқа видеоүндеу жариялап, тергеу басқармасына “қақтығыстың алдын алу үшін” өз еркімен баратынын мәлімдеген.

“Бұл істің заңсыз екеніне сенімдімін, бірақ елде қажетсіз қақтығыстар мен қан төгілудің алдын алу үшін Жемқорлықты тергеу бюросына баруға шешім қабылдадым. Бұл — аталған істі мойындағанымды білдірмейді”, — деді ол.

Сонымен қатар Юн елде заң үстемдігі принципі бұзылып жатқанын, оған қарсы іс қозғаған тергеу органдары мен тұтқындауға ордер берген сот та мұндай құқыққа ие болмағанын айтты.

Yonhap-тың хабарлауынша, бұл ел тарихындағы қызметтегі президенттің тұтқындалуымен байланысты алғашқы жағдай.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Pitbull (әңгіме)
07 нау. 2025 23:01