Конституциялық сот Қазақстанда миссионерлерді тіркеу талаптарын заңды деп таныды

Қаракөз Амантай 26 ақп. 2025 17:37 353

Қазақстанның Конституциялық соты азаматтың миссионерлерді тіркеу талаптарын белгілейтін заң нормаларының конституциялылығын тексеру туралы өтінішін қарастырып, оларды Конституцияға сәйкес деп таныды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Конституциялық сот Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келуі тұрғысынан азаматтың өтінішін қарастырды. Өтініште “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңның 1-бабының 5) тармақшасы мен 8-бабының 1-тармағы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының үшінші бөлігі көрсетілген. (…) Конституциялық сот аталған заң нормаларын Қазақстан Республикасының Конституциясына толық сәйкес деп таныды”, – делінген хабарламада.

Өтініш беруші тіркеу талабы оның ар-ождан және сөз бостандығына құқығын шектеп, діни ілімді таратуына кедергі келтіретінін алға тартты. Алайда сот миссионерлерді тіркеу рәсімі діни бірлестіктердің өзін-өзі реттеу механизмінің бір бөлігі екенін және діни еркіндік пен қоғамдық мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталғанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар