"Командирлік қабілетін көрсете алмаған" экс-қорғаныс министрі қамауға алынды

Dalanews 20 ақп. 2022 12:03 701

Экс-Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қаңтардағы дүрбелең кезінде өз міндетін орындамағаны үшін ұсталып, қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz “Не Хабар” телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов жауапты сәтте өзінің қызметтік міндетін орындамағаны анықталды.

19.02.2022 жылы осы факті бойынша Бас прокуратура ҚК-нің 452-ші бабы (билік өкілінің әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетелік, Бектанов қаңтар айында Қорғаныс министрі қызметінен түсті. Президент Тоқаев қорғаныс саласына жауапты маманның ел басына күн туған шақта командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтып, сынға алған еді.


"Министр Бектанов қиын сәтте қауқарсыздық танытты. Командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар барысында жақсы нәтиже көрсеткен армияға ие бола отырып, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмадық және сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық",- деді Мемлекет басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар