Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 169 адамға жетті

Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 169 адамға жетті
@ Giovanny Galvez/AFP

Колумбияда болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 169 адамға дейін өсті. Тағы 570-тен астам адам түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Колумбия қалалары қауымдастығы мәлімдеді.

Табиғи апатқа байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілді. Қазіргі уақытта құтқару қызметтері қираған ғимараттардың үйінділерін аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олардың қатарында Кали қаласындағы аурухананың педиатрия және неонатология бөлімшелері де бар.

Жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметтері үйінді астында адамдар қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

БАҚ мәліметінше, егер жер сілкінісі халық тығыз орналасқан өңірде болғанда, құрбандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Алайда табиғи апат елдің салыстырмалы түрде сирек қоныстанған ауданында тіркелгендіктен, адам шығыны бұдан да ауыр болудан аман қалған.

Айта кетейік, Колумбияның Тынық мұхиты жағалауында болған жойқын жер сілкінісі ондаған ғимараттың қирауына және инфрақұрылым нысандарының зақымдануына әкелді. Билік зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай режимін сақтап отыр.