Көлік министрлігінің екі шенеунігі ұсталды

Көлік министрлігінің екі шенеунігі ұсталды
ҰҚК

ҰҚК Көлік министрлігінің екі шенеунігі ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тамызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстаған.

"Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті болып отыр. Тергеу мәліметіне сәйкес олар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден аса сомаға материалдық сыйақы алған", - деді ҰҚК өкілдері.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.