"Көктайғақ, бұрқасын". Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды

Ақтоты Жапатова 30 жел. 2025 07:30

«Қазгидромет» РМК 30 желтоқсан күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болуына байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 30 желтоқсанда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 30 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Солтүстік Қазақстан облысы

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 30 желтоқсанда қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 30 желтоқсанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысы

30 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 30 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 30 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 30 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 30 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

30 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 30 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

30 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 30 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанай қ.: 30 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

30 желтоқсанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қ.: 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

30-31 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар