Көкшетауда жол апатынан қаза тапқан әйел сол күні туыстарының қуанышына бара жатқан

Көкшетауда жол апатынан қаза тапқан әйел сол күні туыстарының қуанышына бара жатқан
видео кадры

Көкшетауда жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан әйел сол күні туыстарының қуанышына бара жатқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Threads желісінде марқұмның туысы жазба жариялады. Оның сөзінше, қайғылы оқиға болған күні әйел құдалыққа бара жатқан.

"Қуанып құдалыққа бара жатқан еді. Бір сәтте отбасымыз осындай ауыр қайғыға тап болды. Ұлы анасынсыз қалды", - деп жазды ол.

Бұған дейін марқұм 12 жастағы баланы жалғыз тәрбиелеп келгені айтылған еді. Полицияның мәліметінше, жол апатына себеп болған адамның жүргізуші куәлігі болмаған және авто мектепте оқымаған.

Сот оны үйқамаққа алған. Сонымен қатар, көлік иесіне қатысты да қылмыстық іс қозғалған.