Клиенттердің қауіпсіздігін арттыру: банктер неге Big Data технологиясын таңдайды?

Dalanews 07 қыр. 2022 08:57 615

Әлемдік қаржы секторын бүгінде барлық дерлік корпоративтік процестерді өзгертетін және оңтайландыратын инновацияларсыз елестету мүмкін емес. Дәстүрлі банктік бизнес-модельдер бүгінде бір-бірімен ғана емес, сонымен бірге инновациялық экожүйелермен де бәсекелеседі.

Бұл банктердің қызметі біртіндеп өз секторынан асып, материалдық және материалдық емес қызметтер саласына енуімен байланысты.

McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясының деректеріне сүйенсек, озық талдау және Big Data технологиясын пайдалану банк нарығының әлемдік көшбасшылары кірістерінің жалпы құрылымында 30-40% құрайды. Атап айтқанда, үлкен деректер технологиясын енгізу қызметтерді дамытуға, өнімдерді жақсартуға, клиенттердің адалдығын арттыруға және тиімсіз коммуникациялар мен шығындарды қысқарту арқылы олардың ағынын азайтуға көмектеседі.

Қаржы, қаржылық-техникалық және IT-нарығы үшін өткен FCBK: Persona Non Data конференция шеңберінде сөз сөйлеген Huawei Enterprise Business Group Eurasia технологиялық консалтинг департаментінің директоры Михаил Шпактың айтуынша, жаңа технологиялар қаржы ұйымдары мен клиенттер арасындағы өзара іс-қимыл тәсілдерін жақсартуға көмектесе отырып, дәстүрлі қаржы тәжірибесін сапа тұрғысынан өзгертеді.

Іс-шараны Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас қолдауымен алғашқы кредиттік бюро ұйымдастырды.


«Деректер - тек драйвер ғана емес, сонымен қатар өнімді жүйелер үшін инновациялардың тұрақты іргетасы болып табылады. Адам көбінесе «цифрлық» болуда, біз цифрлық әлемге үнемі қатысудамыз. Цифрлық қимаға қарасақ  - осы цифрлық әлемде не істейтініміздің барлығы бізге әсер етеді. Қаржы секторы жинақтайтын деректер көлемі өзінің көлемі мен өсу қарқыны бойынша көптеген басқа индустрияларды орағытып өтеді. Бұл үлкен көлемге дұрыс және тексерілген құрылымдар қажет. Деректер біз үшін барынша сындарлы мәнге ие болуда, әсіресе біз бәсекелестерімізден басып озғымыз келгенде» — деп атап өтті сарапшы.



Белсенді дамып келе жатқан цифрлық орта және деректердің өсуі нарықтың қаржы сегментінің әрбір қатысушысы үшін мүмкіндіктердің артуына алып келеді.

Бүгінде деректер банк ісінде сапалы актив ретінде қарастырылуда. Олар тәуекелдерді болдырмау, алаяқтықпен күресу, клиенттердің мінез-құлық сипаттамаларын талдау және болжау, сондай-ақ бизнес-процестердің тиімділігін арттыру процестерінде өз құндылығын дәлелдеді.

Мысалы, кредиттік тізілім деректерін пайдаланатын дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда үлкен деректер цифрлық ақпаратты талдауға сүйене отырып, дефолттарды дәлірек болжауға мүмкіндік береді.

Алайда, деректердің сапалық сипаттамаларының артуы олардың өсуіне тікелей әсер етеді. IDC халықаралық зерттеу және консалтингтік компаниясының талдаушылары 2025 жылға қарай жалпы әлемдік деректер көлемі 10 есеге өсіп, 163 зеттабайтқа жетеді деп болжайды, бұл жағдайда әлемдік деректердің 60% тұтынушылар емес, кәсіпорындар қалыптастырады. Мұндай ауқымды көлем деректерді ағымды уақыт режимінде алуға, өңдеуге және олардың күрт өсуін ескере отырып талдауға мүмкіндік беретін тиісті платформалар мен жұмыс инфрақұрылымын қамтамасыз етуді талап етеді.

Мұндай шешім болып корпоративтік құрылым қолданудың ең жақсы тәжірибесі табыла алады:

  •  Деректермен жұмыс істеу инфрақұрылымын оңтайландыру - OceanStor Dorado көмегімен ыстық, ал OceanStor Pacific көмегімен жылы және суық деректерді;

  •  OceanStor DME және OceanProtect сақтық көшірмелер жүйесі арқылы ЖДҚ сенімділігі мен басқарылу көрсеткіштерін арттыру;

  •  Желілік инфрақұрылымды оңтайландыру - экстремалды желілік жүктемелерге арналған NoF+ шешімі көмегімен

  •  Ағымды уақыт режимінде классикалық, қисындық және деректер көлдері түрінде кәсіпорын деректерінің терең мұхиттарын қамтамасыз ету үшін Cloud-Native DataLake құру тәжірибелері көмегімен.



Деректермен жұмыс істеу шешімдерін құру және оңтайландыру барысында аталған құрылымдарды, әдістер мен тәжірибелерді пайдалана отырып, шығындарды оңтайландыру және деректермен жұмыс істеу жүйесінің өнімділігін арттыру бойынша синергетикалық қаржылық тиімділікке қол жеткізуге болады.

Жоғары жылдамдықты деректермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің ауқымын ұлғайту қаржы өнімдерін нарыққа шығару, деректерді ағымды уақытта қорғау және өз компаниясын қазіргі заманғы деректер әлемінде цифрлық ізашар ретінде қатысуын түбегейлендіру жолында цифрлық артықшылықты қамтамасыз етеді.

«Деректердің қисынды көліне көптеген жүгіну бар - кез-келген сұратулар құрамында және тілдерде. Және де, бұл жүгінулер қажетті деректерді кез-келген ыңғайлы пішімде ең қысқа мерзімде алулары керек. Бұны қамтамасыз ету мүмкіндігіне бұлтты, жоғары жинақталған шешімдерге негізделген заманауи құрылымдар ғана ие. Аппараттық немесе виртуализацияландырылған классикалық қызметтер құрылымды ол шынымен серпімді және деректердің күрт өсуіне және олармен жұмыс істеу сапасын жақсартуға дайын болатындай оңай қалыптастыру мүмкіндігін бере бермейді» — деп атап өтті сарапшы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар