“Кінәлілер жазаланады”. Путин тәжік баланың қазасына байланысты көңіл айтты

Қаракөз Амантай 23 жел. 2025 09:51

Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеу облысындағы мектепте қаза тапқан тәжік балаға байланысты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ресми түрде көңіл айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей басшысы қайғылы оқиғаға кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

"Екіжақты кездесуімізді бірнеше күн бұрын қаза тапқан тәжікстандық баланың отбасына және өзіңізге шынайы көңіл айту сөздерінен бастағым келеді. Балаларға қатысты жасалған террорлық әрекеттер – аса жиіркенішті қылмыс. Күдіктілерге қатысты тергеу ісі міндетті түрде соңына дейін жеткізіледі және кінәлілер сөзсіз толық көлемде жауапқа тартылады", – деді Владимир Путин.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылы 16 желтоқсанда Мәскеу облысындағы Горки-2 кентінде орналасқан Успенская мектебінде болған. Сол мектептің 9-сынып оқушысы оқу орнына пышақпен кіріп, алдымен күзетшіні жаралаған. Кейін ол 4-сынып оқушысына шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар