Freedom Inside '26

Кеңеске мүше болу құны - 1 млрд доллар: Трамптың ұсынысына оннан аса ел келіскен

Кеңеске мүше болу құны - 1 млрд доллар: Трамптың ұсынысына оннан аса ел келіскен
GETTY IMAGES

АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Бейбітшілік кеңесіне оннан аса ел қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әзірге шақыруды ашық түрде бес мемлекет қана қабылдаған. Олар – БАӘ, Беларусь, Марокко, Венгрия және Канада.

Ал Ақ үй өкілдері кеңеске мүше елдер үш жылдық қатысу мерзімін тұрақты мүшелікке ауыстыру үшін 1 миллиард доллар көлемінде жарна енгізе алатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа мәселесі жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды.

Ұйымның жарғы жобасына сәйкес кеңестің алғашқы төрағасы міндетін АҚШ президенті атқарады. Сондай-ақ, ұйымға қай елдер мүше болатынын өзі шешпек.