Кегендік лейтенант Дәурен Қадыр әлем чемпионатында тағы да күміспен оралды

Ақтоты Жапатова 29 сәу. 2025 16:47 271

Өзбекстанда өткен гір көтеруден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғаған Алматы облысы, Кеген ауданының тумасы, азаматтық қорғау лейтенанты Дәурен Қадыр күміс жүлдегер атанды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жарысқа 20-дан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысқан. Олардың арасында Алматы облысының Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау летейнанты Қадыр Дәурен гір көтеру бәсекесінде ересектер арасында 68 салмақпен ІІ орын иеленіп, күміс медальді қанжығасына байлады.

Қазақстан республикасының спорт шебері негізі бұл сайысқа толыққанды дайындықпен барған, жеңіске қол жеткізу кезінде 2 ұпай жетпей қалғандығын айтады.

21 жасар спортшы бұған дейінде Қырғыз елінде 25 елдің 800-ден астам спортшысынан құралған әлем чемпионатында осы спорт түрінен күміске ие болған. 4 жылдан бері республикалық, облыстық жарыстарға қатысып келе жатқан жеңімпаз сайыстардан жүлделі орынсыз оралмаған.

Айта кету керек, жас спортшы қазақ күресімен шұғылданып, Қазақстан республикасының қола медалін иемденген. Мәлік Ғабдуллин академиясында өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша білім алып, оны үздікке бітірген түлек ҚР Төтенше жағдайлар минитрі Шыңғыс Сайранұлы Әріновтың қолынан алғашқы арнайы лейтенант шенін алған. Алдағы уақытта осындай әлемдік аренадағы байрақты бәйгелерде өз намысын бермей, жүлдегер атанатынына сенімді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар