Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы сәуірде есту қабілеті бойынша ерекше қажеттіліктері бар көптеген адам жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Шығыс Қазақстан облысының ең ірі компаниясы өз өндірістік нысандарын күзету аясында Бейнемониторинг орталығын іске қосты.
Мұнда қауіпсіздікті арнаулы мониторлардан онлайн режімде қадағалайтын ерекше адамдар еңбек етеді. Жоба «Қазақстан саңыраулар қоғамымен» бірлесіп іске асырылды.
Бейнемониторинг орталығының әрбір қызметкері арнаулы дайындалған бағдарлама бойынша оқытудан өтті. Жұмыскерлер өз мамандықтары бойынша біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болады – командаға тұрақты негізде куратор бекітілген. Ал тәжірибелік дағдыларын жақсы меңгеру үшін компанияның тәжірибелі мамандары арнаулы жаттығулар жүргізеді.
Жаңа бөлімше өзінің тиімділігін растап үлгерді – Орталық жұмыс істеген кезеңде 350-ден астам ауытқу тіркелді. Қызметкерлер өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
«Казцинктің» жобасы «Парыз» жоғары марапатына ұсынылды. Бұл сыйлықты ел басшылығы қазақстандық ірі компанияларға жоғары жетістіктері үшін табыстайды. Бұл жағдайда үздік әлеуметтік жоба үшін берілді.
– Мұндай жоғары марапат – барлық казцинктіктер үшін зор құрмет, – дейді компанияның бас директоры Александр ХМЕЛЕВ. – Біз қоғамдық қызметімізде әрқашан ең маңызды тақырыптарды қамтуға тырысамыз және инклюзивті тәжірибелерді енгізу соның бірі болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың «Казцинкке» қосылуына мүмкіндік беретін бастаманың осындай жоғары деңгейде атап өтілуі біз үшін өте маңызды. Бұл бізді қоғамға пайдалы жұмысты жалғастыруға ынталандыра түседі.