«Бұл анам үшін емес»: Жазира Байырбекова жүрекке жеткен шешімінің себебін түсіндірді

«Бұл анам үшін емес»: Жазира Байырбекова жүрекке жеткен шешімінің себебін түсіндірді
Сурет: скриншот

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова анасына қатысты қабылдаған маңызды шешімі туралы айтып, әлеуметтік желіде көпшілікті ойландырған жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kzSn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, ол анасын Алматыға көшіріп әкелген. Алайда бұл қадамды ең алдымен анасы үшін емес, өзі үшін жасағанын жеткізді.

«Анамның жақын жерде болғаны қандай жақсы. Анамды жиі көріп, батасын алып тұру үшін Алматыға көшіріп орналастырдым. Бұл ісім анам үшін емес, өзім үшін. Адамның тамыры, мекені, қайырымдылықтар сауабының төресі - Анада! Соңғы рет анаңызға қашан сыйлық жасадыңыз?» - деп жазды Жазира Байырбекова.

Әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларының жүрегіне жол тауып, ата-ананың қадірін білу, анаға құрмет көрсету туралы көптеген жылы пікірдің жазылуына себеп болды.

Жазира Байырбекованың оқырмандарға қойған сауалы да көпшілікті ойландырып, анаға деген қамқорлық пен құрметтің маңызын тағы бір мәрте еске салды.