Жарыс Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналды. Жарысты өткізудегі мақсат «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында спорттық іс-шараларды бұқаралық сипатта өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау болатын.
Жарыстың шымылдығын түрген Алматы қыз балалар лицейінің директоры Акбулут Халил Ибрахим және «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте мырза өз сөздерінде жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Осы іс-шараның қонағы, еліміздің танымал әншісі Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы «Туған жер» әні және лицей бишілер тобының орындауындағы ұлттық нақышты биі қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарысқа жалпы алғанда 10 команда қатысты. Атап айтсақ, бұлардың арасында Есік лицейі ата-аналар командасы, Өскемен лицейінің ата-аналар командасы, Сулейман Демирел колледжінің ата-аналар командасы бар.
Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті. Ойын өте қызу өтті. Жанкүйерлер ойын барысында өз командаларын қолдап отырды. Сонымен қатар шахмат ойындарына да қызығушылықпен қатысты. Жарыс нәтижесінде І-орын — Алматы қыз балалар лицейі ата-аналар командасына; ІІ-орын – Өскемен лицейі ата-аналар командасына; ІІІ-орын –Талдықорған лицейі ата-аналар командасына бұйырды.
Сондай-ақ командалар арасынан жекелеген ойыншылар «Ең үздік шабуылшы», «Либеро» номинацияларымен марапатталды.
Марапаттау кезінде жүлделі орындарға Мақтау Грамоталары мен кубок және медальдар табыс етілді.
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Туртаева Ф.Б