Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
gov.kz

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ядролық физика институтының Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығы мәліметінше, жер сілкінісі 2025 жылғы 23 желтоқсанда Астана уақытымен 09:32-де (Гринвич уақытымен 04:32) тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41,27 градусы, шығыс бойлықтың 53,04 градусы.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 5,3.

Еске салайық, бұған дейін 22 желтоқсанға қараған түні Алматыда жер сілкінісі болған еді.