Алматыда түнде жер сілкінді

Алматыда түнде жер сілкінді
pixabay.com

22 желтоқсанға қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 5.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулері Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Как-Шаал-Тоо жотасында орналасқан. Ол Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым қашықтықта тіркелген. Бұл аумақта жер сілкінісінің қарқындылығы 3,5 баллға жеткен.