Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: АҚШ Украинаға демарш жолдады

Сағыныш Сардарова 25 ақп. 2026 10:41

Украина үкіметі Каспий құбыр консорциумының мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты АҚШ Мемлекеттік департаментінен демарш алған. Бұл туралы АҚШ-тағы Украина елшісі Ольга Стефанишина мәлімдеді. Ақпаратты Reuters агенттігі жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елшінің сөзінше, Мемлекеттік департамент Украинаға "америкалық мүдделерге соққы жасаудан тартыну қажет" екенін жеткізген.

Сонымен қатар, үндеуде Украинаны Ресейдің әскери немесе энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасаудан бас тартуға шақыруды көздемегені айтылған. Мәселе тек америкалық экономикалық мүдде қозғалуына қатысты болған.

Ольга Стефанишинаның айтуынша, Киев бұл ескертуді назарға алған. Нотада АҚШ-тың қазір Украинада Қазақстандағыдай экономикалық мүддесі жоқ екені де көрсетілген.

Еске салайық, 2025 жылғы 29 қарашада Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы инфрақұрылымы шабуылдан кейін зақымданған еді. Сол күні тиеу және ілеспе операциялар тоқтатылып, танкерлер КҚК акваториясынан шығарылған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove