Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталған еді.
Ұсталғандар қатарында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ, теңіз жаяу әскері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігі тергеу әлі жалғасып жатқанын хабарлады.