Енді Қазақстан қор биржасына (KASE) юаньмен саудаланатын қаржы құралдарын орналастыруға болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"2025 жылдың 3 наурызынан бастап KASE-де есеп айырысулармен қытай юанімен (CNY) мамандандырылған сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды орналастыруды, бағалы қағаздарға жазылуды және жария ұсынуды өткізу қолжетімді болады" делінген Қазақстан қор биржасының хабарламасында.
Мұндай шешім бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға инвесторларды тарту үшін қосымша мүмкіндік беру мақсатында қабылданып отыр.
Сондай-ақ биржада AED/KZT және CNY/RUB валюталар жұбының саудасы түрінде екі құрал пайда болуы мүмкін. Бұл мәселе мамандармен әлі әзірленіп, талқылану барысында.
Еске сала кетсек, 2014 жылы 25 қыркүйекте KASE-де CNY/KZT валюталар жұбымен жасалған сауда-саттық жүргізілді. Бұл Ұлттық Банк пен Қытай Халық банкі арасында жүргізілген бірнеше келіссөздерден кейін мүмкін болды.