Тіршілік етудің жалпыда қитұрқылығы жетіп артылатынын алғашқылардың бірі болып паш етті. Камюдің айтқанына сенсек, өмірдің мағынасын іздеп әуре-сарсаңға түсудің еш мәні жоқ. Жәй өмір сүріңіз. Ол «Бүгінгі таңдағы адам санасы шешуге тиісті күрделі түйткілдерге тоқталған шығармалары үшін» 1957 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды.
- Өмір тым тез әдетке айналады. Бақытты өмір сүру үшін ақша тапқың келеді. Нәтижесінде бар күш-қуатың табыс табуға жұмсалады. Бақыт ұмытылады. Қалта толтыру мақсатқа айналады.
- Келешекке жасар ең үлкен жомарттығың – бәрін бүгінге арнауың.
- Бақыттың мәні не деп іздесеңіз, ешқашан бақытты болмайсыз. Өмірдің мәнін іздесеңіз, ешқашан өмір сүрмейсіз.
- Өмірде шешіп алатын ең маңызды сауал: бір мезгілде бақытты әрі жалғыз болуға бола ма?
- Дым бермесең, түк алмайсың. Сені ешкім сүймесе, ол бақытсыздық емес. Бақытсыздық өзің ешкімді сүйе алмауың.
- Саяхаттау өмірдегі ең ұлы әрі күрделі ғылым ретінде адамға өзін-өзі тануға көмектеседі.
- Қауіпі мол жерде - үміт те зор.
- Ерте ме, кеш пе6 пайымдау мен әрекеттің бірін таңдайтын сәт туады. Оны «адам қатарына қосылу» деп атайды.
- Бірде бір керемет туынды жек көру мен жиіркенуге негізделмеген.
- Торығуға дайын тұру әдеті торығудың өзінен де қауіпті.
- Дарын тек бір сәттік мүмкіндік. Тек еңбек пен қайсарлық оны даңққа айналдырады.
- Әділетсіздікке бейтарап болу мүмкін емес. Әділетсіздікпен не күреседі, не серіктес болады.
- Мектеп бізді дүниеде жоқ өмірге даярлайды.
- Бұл өмірде мағына жоқ. Соны сезінген адам еркіндікке қол жеткізеді.
- Қиямет қайымды күтпеңдер. Ол күнбе күн қайталанып жатыр.
- Тек таңдау еркіндігі тұлғаны қалыптастырады. Бар болу - өзіңді таңдаудан басталады.
- Дәулетті кіріптар болғанша, азаттығы бар жарлы болған артық. Әрине, адамдар әрі бай, әрі азат болғысы келеді. Соның салдарынан кедей құлға айналып шыға келеді.
- Менің қайғым – бәрін түсінетіндігімде.
- Өтірік айтпай өмір сүре алатын адам ғана азат.
- Менің алдыма түспе – ілесе алмай қалуым ықтимал. Соңыма түспе – бөтен жаққа бастап кетуім мүмкін. Қасымда жүр – жан жолдасым бол.
Аударған Шынар ӘБІЛДӘ