Абай күніне орай жазылған ой-толғау

Абай күніне орай жазылған ой-толғау
ашық дереккөз

10 тамыз – ұлы ойшыл, көрнекті ақын және қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлын еске алу күні. Абай өз шығармаларында қазақ халқының болмысын, ұлттық рухы мен мәдени бірегейлігін терең бейнелеп қана қоймай, даналыққа негізделген терең ой-толғамдары арқылы Орталық Азия мәдениеті мен Шығыстың асыл рухани мұрасы арасында берік байланыс орнатқан ұлы тұлға.

Абайды иранның тіліне, әдебиетіне және даналығына деген жақындығын ескермей толық тану мүмкін емес. Ол парсы поэзиясы мен ой-санасының бай қайнарларынан нәр ала отырып, адамгершілік, мораль, таным және қоғамдық ағартушылық сынды биік ұғымдарды қазақ даласына кеңінен таратты. Оның «Қара сөздері» мен көркем өлеңдері – ұлы тұлғалар мен мәдени реформаторлардың географиялық шекаралардан асып, бүкіл адамзатқа ортақ рухани мұраға айналатынының айқын дәлелі.

Мәдени істер жөніндегі атташе ретінде бұл дана әрі аса көрнекті ақынның мерейтойлық күнін ой мен өнердің мәдени дипломатиядағы рөлін қайта зерделеуге, сондай-ақ Иран мен Қазақстан халықтары арасындағы тарихи байланыстар мен достықты нығайтуға мүмкіндік беретін аса құнды сәт деп санаймын. Абайды ұлықтау – білімділікке, толеранттылыққа және диалогқа тағзым ету. Бұл – бүгінгі әлемге бұрынғыдан да қажет құндылықтар.

Абай Құнанбайұлының ғылыми және әдеби мұрасына зор құрмет білдіре отырып, екі елдің ғалымдары, зерттеушілері мен өнер қайраткерлері арасындағы ғылыми, зерттеу және мәдени ынтымақтастық пен өзара алмасу үдерістері әрдайым қарқынды әрі жемісті бола беретініне сенім білдіремін.

Мұхаммед Мәсуд Садеғи, мәдениет атташесі