Тергеу дерегіне сай 2015–2024 жылдары олар мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген алты қызметкерді табельге енгізіп, шамамен 29 млн теңге жымқырған.
Сондай-ақ, директор 501 оқушыға заңда қарастырылмаған оқу ақысы жеңілдігін беріп, мектепке 183 млн теңге шығын келтірген. Бұдан бөлек, 0-сыныптарды ұйымдастырып, ата-аналардан түскен қаржыны есепке қоспаған. Осы эпизод бойынша 305 млн теңге иемденілгені анықталған. Жазғы лагерь қаражаты мен шетелдік мұғалімдердің жалақысына қатысты заңсыз әрекеттер де тіркелген. Жалпы келтірілген шығын көлемі жүздеген миллион теңгеге жеткен.
Сот С.-ны 8 жылға, А.-ны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушылардың мүлкі тәркіленді. А.-ның кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты жазаны өтеу бір жылға кейінгі қалдырылды.
588 млн теңге көлеміндегі азаматтық талап қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
