"2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылғаны белгілі. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтару мүмкіндігі туды", - делінген хабарламада.
Министрлік қажетті құжаттарға қол қойылғанын мәлімдеді.
"Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады. Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғасады", - деп мәлім етті ведомство.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Жаңа Қазақстанның осындай игі істер құрылатынын атап өтті.
"Осындай мемлекетшіл, халықшыл, қоғамшыл әрекеттер - тұтас Қазақстанның социумын біріктіреді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бас Прокуратураға тапсырма берді - міне тапсырма орындалды. Әрине алдыда тағы қыруар жұмыс жатыр. Іздестіру, табу, анықтау, дәлелдеу.